қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
28.12.2023

 

Бос лауазымға үміткерлерді іріктеуге өтінім

 

Бос лауазымның атауы:

Психологиялық қолдау қызметінің психологы

Құрылымдық бөлімнің негізгі функционалдық міндеттері:

1. Психологиялық қолдау қызметінің психологы үйлестірушінің басшылығымен оқу-тәрбие процесінің дамуын психологиялық қолдау бойынша түрлі процестерге қатысады.
2. Психологиялық қолдау қызметінің жоспарларын құруға және психологиялық қолдаудың әр түрлерін өткізудің оқу-әдістемелік оқыту бағдарламаларын жазуға қатысады. 3. Психологиялық аспектілерден атқарылған жұмыстарға сәйкес университеттің даму стратегиясының міндеттерін іске асыру бойынша есептерді құрастыруға қатысады.
3. Қажет болған жағдайда студенттерге психологиялық кеңес беру арқылы көмек көрсетеді, әртүрлі бөлімшелердегі психологиялық қолдаудың жай-күйі туралы материалдар жиынтығын және ақпаратты зерделеуді жүзеге асырады, психологиялық бақылау мен консультациялардың нәтижелерін талдайды және қорытындылайды.
4. Психологиялық қолдау қызметі, сондай-ақ университеттің басқа да бөлімшелерінің жұмыс бағыттары бойынша дөңгелек үстелдер, мастер-кластар, семинарлар, тренингтер өткізуге қатысады.
5. Университетті психологиялық қолдаудың түрлі мәселелері бойынша оқу-әдістемелік құжаттарды жазуға және басып шығаруға қатысады.
6. Университеттің оқу-тәрбие процесінің практикасына жүргізілген практикалық жұмыстың нәтижелерін енгізеді. Денсаулық сақтайтын, психологиялық ахуал, корпоративтік тұлғааралық мотивациялық қажеттілікті қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.
7. Білім беру субъектілерінің психологиялық мәдениеті мен құзыреттілігін арттыруға қатысу арқылы өзінің кәсіби деңгейін жүйелі түрде арттырады.

Негізгі қызметтік міндеттері:

Психологиялық консультация жүргізу, психодиагностика, тренинг өткізу, семинар, кездесу, дөңгелек үстел ұйымдастыру және топтық жұмыстар.

Іссапарларға шығу:

Қажет  болған  жағдайда

Білімі:

Жоғары «Психология» мамандығы

Қажетті кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, бағыты, т.б.)

Психолог қызметінде кемінде 3 жыл тәжірибесі бар. Психологияның психодиагностика, психоконсультация, психотерапия, психопрофилактика, психоанализ бағыты бойынша.

Кәсіби құзыреттер:

Кәсіби біліктілік, коммуникативтік біліктілік, мінез-құлықтың икемділігі және кәсіби әдептілік.

Жеке құзыреттер мен қасиеттер:

Жауапкершілік, ұйымдастырушылық, құпиялылық, ұстамдылық және шыдамдылық.

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді білу (үміткер білуі тиіс тілдердің тізімі)

Қазақ және орыс тілін жетік білу.

Компьютерлік дағдылар:

Microsoft Office офистік пакетін және интернет браузерін еркін қолданушы.

Түйіндемені қабылдау мерзімі:

2024 жылдың 20 қаңтарына дейін.

Байланыстағы тұлға:

Түйіндемеңізді мына мекенжайға жіберіңіз:

 

HRTeam@abaiuniversity.edu.kz.

Узакбаева Назгул Жауынгеровна

Тел: 291-18-29.