қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
11.01.2024

Құрметті студенттер!

 

2024 жылдың 31 қаңтарында сағат 10:00-15:00 аралығында «Психологиялық қолдау қызметі» студенттерге психологиялық қолдау көрсету және әлеуетін арттыру мақсатында «Abai Psycho Express» шарасын ұйымдастыруда.

 

Psycho Express - бұл психологиялық кеңес берудің жаңа және ерекше форматы. Бұл форматтың ерекшелігі психологиялық экспрес-консультация барысында нейрографика, арт-терапия, метафоралық ассоциативті карталар және логотерапия сынды әдістер арқылы Сіз жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға және психологиялық мәселелердің алдын алу бойынша кеңес ала аласыз.

 

Аталмыш шарада Алматы қаласы жоғары оқу орындарының психологтары экспресс-консультация жүргізетін болады.

 

Өтетін орны:

Достық, 13, Абай университетінің Бас ғимараты
Қазыбек би, 30, Жаратылыстану және география институтының 4-ші қабатындағы фойеде
Төле би, 31, Педагогика және психология институтының 1-ші қабатындағы фойеде


Толығырақ: 8 700 976 89 97 Саида Досқарақызы