қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
11.01.2024

«DIGITAL PROJECTOR» ғылыми-білім беру зертханасының ашылуы өтеді

 

2024 жылы 17 қаңтарда Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы - ректор Болат Тілептің, проректорлардың, департамент басшыларының, институт директорлары мен ғылым жөніндегі орынбасарларының, БАҚ өкілдері мен стейкхолдерлердің қатысуымен «DIGITAL PROJECTOR» ғылыми-білім беру зертханасының ашылу салтанаты өтеді.

 

Іс-шараның мақсаты - «DIGITAL PROJECTOR» ғылыми-білім беру зертханасының технологиялық мүмкіндіктерімен таныстыру:

- Қашықтан оқыту әдістемелерін дамытуға және жетілдіруге бағытталған онлайн-педагогика академиясы;

- Білім беруді цифрландыру саласындағы инновациялық шешімдерге маманданған «BeProff» цифрлық технологиялар орталығы;

- Сапалы білім беру мазмұнын құруға және онлайн-іс-шараларды өткізуге озық мүмкіндіктер беретін интерактивті бейне-студия.

 

Зертхананың ашылуына ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті «BR21882318 Жоғары оқу орнының «online community» кеңістігінде оқытушылар мен студенттердің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетін қалыптастыру жүйесін кастомизациалау» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында қолдау көрсетеді, жетекшісі - профессор Ұ.М. Әбдіғапбарова.

 

Өтетін орны: Алматы қ., Қазыбек би көшесі, 30, 203 кабинет.

 

Өтетін күні мен уақыты: 17 қаңтар 2024 жыл, сағат 11: 00-де.