қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.02.2019

«Армандар орындалады» журналының директорымен кездесу

 

2 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Cұлулық және табыс теориясы» тақырыбында жас журналист, талантты блогер,қазақ тіліндегі тұңғыш мотивациялық «Армандар орындалады» журналының директоры Еңлік Әбдіқадырмен кездесу болып өтті. Кездесу ашық, әрі рухани әңгімелерге, астарлы сұрақтарға толы болды. Еңлік Әбдіқадырдың мотивацияға толы әңгімелері студенттеріміздің өзіне деген сенімділігін оятып, ойларында жүрген сұрақтардың жауабын алып,жігерленіп қайтты. Кездесу «Зере» қыздар клубының ұйымдастыруымен ашық та қызықты өтті.