қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
02.02.2024

Комплаенс-қызметі басшысының бос лауазымына конкурс 

 

Вакансия жабылды

 

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, 2024 жылғы 2 ақпаннан 11 ақпанға дейін Абай атындағы ҚазҰПУ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі басшысының бос лауазымына конкурс жариялайды.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Комплаенс-қызметінің басшысы лауазымына жоғары заң білімі бар, басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.

Комплаенс-қызметінің басшысы: Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Лицензиялау туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдары, білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, білім беру қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, педагогика мен психология негіздері, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізгі ережелері, ұжымдық шарттар жасасу және әлеуметтік-еңбек; еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, сапа саласындағы қоғамның саясаты мен мақсаттары, Сапа менеджменті жүйесінің құжаттары; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты, мүдделер қақтығысын шешу саясаты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басқа да ішкі нормативтік құжаттарды білуі керек.

 

Конкурсқа қатысу үшін Корпоративтік хатшыға келесі құжаттарды ұсынады:

1)  өтініш;

2)  конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3)  түйіндеме;

4)  білімі туралы құжаттар мен қосымшалардың көшірмелері;

5)  жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6)  соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

7)  комплаенс-қызметінің одан арғы қызметі бойынша өзінің көзқарасының презентациясымен таныстыру.

 

Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Корпоративтік хатшыға мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, каб. 304, телефон: 8-747-988-0925; email: a.zhumadilov@abaiuniversity.edu.kz