қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
05.02.2024

«Білім берудегі жасанды интеллект: қолданудың артықшылықтары мен шектеулері» халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтеді


Семинар 2024 жылғы 16 ақпанда сағат 15.00-де өтеді. Өткізу нысаны - қашықтықтан (онлайн), zoom платформасы.


Мақсаты - жасанды интеллекттің дамуынан туындаған жалпы гуманитарлық және этикалық сипаттағы мәселелерді, оның мүмкіндіктері мен жоғары мектептің білім беру процесіне енгізу тәсілдерін талқылау.
Семинар спикерлері:
1. Игнатьев Николай Александрович - физика математика ғылымдарының докторы, «Жасанды интеллект» кафедрасының профессоры, Өзбекстан ұлттық университеті (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы).
Тақырыбы: «Специфика использования методов искусственного интеллекта в предметных областях».
2. Фоминых Наталья Юрьевна - педагогика ғылымдарының докторы, шет тілдері кафедрасының профессоры, Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті (Мәскеу қ., РФ).
Тақырыбы: «Использование нейросетей в преподавании иностранного языка: кейс РЭУ Плеханова».
3. Сыдыкова Махаббат Бейшенбековна - педагогика ғылымдарының кандидаты, «Жаратылыстану-математикалық білім және оларды бастауыш мектепте оқыту технологиясы» кафедрасының доценті, Педагогика және психология институты, И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті (Бішкек қ., Қырғызстан Республикасы).
Тақырыбы: «Инновационные методы обучение с использованием технологий искусственного интеллекта».
4. Кудрявцева Елена Игоревна - психология ғылымдарының кандидаты, медиа департаментінің доценті, «Жоғары экономика мектебі» Ұлттық зерттеу университеті (Санкт-Петербург қ., РФ)
Тақырыбы: «Нейросети: страх, соблазн и свобода».
5. Тешабоев Бахрамжон Акрамжанович - «Экономика» кафедрасының оқытушысы, З.М. Бабур атындағы Андижан Мемлекеттік Университеті (Андижан қ., Өзбекстан Республикасы)
Тақырыбы: "Problems and prospects for using AI in higher education".
6. Крежевских Ольга Валерьевна - педагогика ғылымдарының кандидаты, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті, Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті (Шадринск қ., РФ).
Климина Александра Игоревна - педагогика кафедрасының аспиранты, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті (Шадринск қ., РФ).
Тақырыбы: «Преимущество и недостатки применения искусственного интеллекта в высшем учебном заведении».

 

Семинар модераторы:
Кариев Адлет Дюсембаевич - педагогика ғылымдарының кандидаты, «Бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.


Өткізу тілдері: орыс, ағылшын, қазақ.

 

Семинарға қатысу тегін.
 
Педагогика және психология институты Сізді жоспарланған конференцияға шақырады: Zoom.

 

Уақыты: 16 ақпан. 2024 15: 45 PM Алматы

 

Кіру Масштабтау Конференциясы
https://zoom.us/j/3884347781?pwd=LzBHWnA0cGZKZ0tic0tudXpzcVJiQT09&omn=93817367044
 
Конференция идентификаторы: 388 434 7781


Кіру коды: 1206
 
Ақпараттық хат