қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
12.02.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы,  профессор Ахметов Бақытжан Сражатдинұлының 70 жылдығына арналған «Жаһандық цифрландыру дәуірінде жасанды интеллекттің білім беру үдерісіне интеграциясы: стратегиялар, инновациялар және киберқауіпсіздік мәселелері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.
 
Іс-шара 2024 жылдың 5 сәуірінде Алматы қаласында өтеді.
 
Конференцияға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, жетекші отандық және шетелдік ғалымдар, университеттер мен академиялық мекеме өкілдері қатысады.


Конференция  бағыттары:
1. Білім беруді цифрландыру;
2. Педагогикалық тәжірибедегі жасанды интеллект;
3. Білім беру ортасындағы киберқауіпсіздік;
4. Кванттық есептеулер және оның білім беруде қолданылуы;
5. Білім беру ортасындағы биометриялық-нейрондық желілік технологиялар.

 

Ақпараттық хат