қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
14.02.2024

«BOOK EXCHENGE» жәрмеңкесі өтеді

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Математика, физика және информатика институтының «Kitap time» оқырмандар клубы Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «BOOK EXCHENGE» кітап алмасу жәрмеңкесін өткізуді жоспарлап отыр.

 

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты - әркім өзінің оқыған кітабын ұнатып жүрген кітабына алмастырып немесе жаңа кітапты өзіндік құнынан арзан етіп алып, кітап оқуды насихаттау.

 

Өтетін орны: Төле би, 86

 

Өтетін уақыты: 15.02.2024 жыл, сағат 9:00-17:00