қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
15.03.2024

Абай университеті жас зерттеушілерінің ғылыми жобаларын қаржыландыратын Ректор гранты конкурсын жариялайды

 

Абай атындағы ҚазҰПУ жас зерттеушілерінің ғылыми жобаларын қаржыландыратын Ректор грантына конкурс жарияланады.

Конкурстың мақсаты - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2023-2029 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес педагогикалық зерттеу университетінің деңгейіне жету үшін корпоративтік ғылымның перспективалық ғылыми бағыттары мен кластерлерін анықтау.

 

Өтінім беруші 40 (қырық) жастан аспаған (қоса алғанда) Абай атындағы ҚазҰПУ-дың штаттағы оқытушысы, қызметкері немесе білім алушысы (2 және 3 курс студенті, 1 курс магистранты, 1 және 2 курс докторанты) және Конкурстық құжаттамада көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс.

 

Конкурсқа қатысу үшін өтінім Конкурстық құжаттаманың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жасалады. Өтінім, ілеспе хат және сұратылатын қаражат есебі мемлекеттік тілде және/немесе орыс тілінде беріледі.

1 жобаны қаржыландыру сомасы 3 млн теңгеге дейін.

 

Жобаны іске асыру мерзімі: 9 ай.

 

Конкурстық өтінімдер 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Ғылым департаментіне тапсырылады. Мекенжайы: Алматы қ., Қазыбек би к-сі, 30, каб. № 209, 203-А. Жауапты тұлға: Ғылым департаментінің директоры Абдигапбарова У.М.

 

Конкурстық құжаттама тіркелген.