қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
29.03.2024

«Абай әлемі» көктемгі мерекелік кезеңдері атты шаралар басталды

 

2024 жылдың 30 наурызынан бастап Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен университетімізде «Абай әлемі» айлығы басталады.

«Абай әлемі» көктемгі мерекелік іс - шаралары 30 наурыздан - 20 сәуірге дейін жалғасады. Шаралар кезеңі 13 іс-шарадан тұрады. Олар:

30 наурыз - «Ой-Like2» интеллектуалды - танымдық ойыны;

3 сәуір - «Терапия души» поэзия кеші;

4 сәуір - Мобилографтар байқауы;

6 сәуір - Қалалық «Dance Fest»;

9 сәуір - «Жұлдызды көктем» музыкалық фестивалі;

11 сәуір - Жайдарман ойындарынан республикалық «Абай» кубогы;

12 сәуір «Абай аруы мен сұлтаны - 2024»;

13 сәуір - «Асыл мұра» мектеп оқушыларының Абай оқулары;

13 сәуір - «Абай шыңын» бағындыру;

15 сәуір - Уалиханов көшесінде көрме;

16 сәуір - «Қош келдің, Әз-Наурыз» салтанатты кеші;

18 сәуір - Қазақша күрестен республикалық турнир «Абай барысы - 2024»;

20 сәуір - «Студент және сахна» атты ІІ республикалық студенттік театрлар байқауы өтеді.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Ұлы ақын ұлтының кемшілігін қатты сынаса да, тек бір ғана ойды - қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты», - деп атап өткендей, жобаның мақсаты - Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, студенттердің ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталмақ.

 

Студент жастар үшін тағылымы мол «Абай әлемі» айлығы университетімізде алғаш рет ұйымдастырылып жатқанын айта кету керек.

 

  alt=    

 

 

Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент