қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
11.04.2024

«Абай университетінің жас кәсіпкері» startup-жобалар байқауы жарияланды

 

Абай атындағы ҚазҰПУ «Абай университетінің жас кәсіпкері» startup-жобалар конкурсын өткізу туралы хабарлайды. 

 

Конкурстың мақсаты - университеттің жас зерттеушілерінің кәсіпкерлік белсенділігін дамыту және университет білім алушыларын бизнес жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысуға ынталандыру болып табылады.

 

Өтініш беруші университеттің білім алушысы, яғни 1-3 курс студенті, 1 курс магистранты, 1-2 курс докторанттары және 40 (қырық) жасқа дейінгі (қоса алғанда) қазіргі постдокторанттар болуы және конкурстық құжаттамада ұсынылған ең төменгі талаптарға сай болуы тиіс.

 

Жүлде қоры - 2 900 000 теңге:

I орын (1 жоба) - 1 000 000 

ІІ орын (2 жоба) - 500 000

III орын (3 жоба) - 300 000.

 

Өтінімді қабылдау кезеңі 2024 жылғы сәуірдің 12-нен 22-не дейін (21.04.2024 уақыты 23:59 дейін). Өтінімдер электрондық форматта көрсетілген сілтемеге https://forms.gle/awYSmK6q4o93rkGS6және ak.akhmetova@abaiuniversity.edu.kz электрондық мекенжайға жіберілуі тиіс.

 

Қосымша сұрақтар бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым департаментінің Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру офисіне хабарласыңыздар.

 

Мекен-жайы: Алматы қ., Қазыбек би к-сі, 30, каб. № 209. Жауапты тұлға - ҒҒТҚН коммерцияландыру офисінің жетекшісі:

Ахметова Актлек Жаксылыковна, тел.: 8-775-3858005.

 

Конкурстық құжаттама қоса беріледі.