қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
12.04.2024

«Жаратылыстанудағы кері және қисынды емес есептер және жасанды интеллект» Еуразиялық ғылыми конференция


2024 жылдың 16-20 сәуірі аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Жаратылыстанудағы кері және қисынды емес есептер және жасанды интеллект» тақырыбында Еуразиялық ғылыми конференция өтеді.

 

Аталмыш конференция 2013 жылдан бері жас ғалымдардың Халықаралық мектеп-семинары ретінде өткізіліп келді. Бүгінгі конференцияда талқыланатын тақырыптарды қолдану планетаның барлық дерлік маңызды мәселелерін қамтиды: экология, экономика, эпидемиология, әлеуметтік процестер, жер және тіршілік туралы ғылымдар, нейрондық желілер және жасанды интеллекттің математикалық мәселелері. Математикалық әдістер мен интернетте қолданыс арқасында қаржы саласы үлкен маңызға ие болып отыр. Қаржы нарығы да жылдам дамып өзгеріп, оларды талдау және бағдарлаудың жаңа математикалық әдістері пайда болуда. Әлемдік экономика көзді ашып-жұмғанша цифрлық форматқа көшуде. Өмір туралы ғылымдарда суперкомпьютерлік есептеулердің қолданылуымен ғаламдық өзгерістер құлаш жайып келеді.

 

Бұлтты есептеулер арқылы қашықтықтан кеңес беру, диагностика жасау, тіпті күрделі ота жасау мүмкіндігі туады. ДНҚ, иммундық жүйе мен ағза тіршілігінің барлық негізгі көрсеткіштерін компьютерлік талдау ауру симптомдарын емдеуден оларды болжауға және алдын-алуға мүмкіндік береді.

 

Конференцияға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының, Математика және математикалық модельдеу институтының, Ресейдің өнеркәсіптік және қолданбалы математика жөніндегі ұлттық комитеті, РҒА СБ С.Л. Соболев атындағы Математика институтының (Ресей), Новосибирск мемлекеттік университеті (Ресей), Оңтүстік-Шығыс университеті (Нанкин, Қытай), Ош технологиялық университеті (Қырғызстан) және т.б. елдердің ғалымдары қатысады.

 

 

Байланыс деректері:

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Халықаралық ынтымақтастық департаменті - Сапарғалиев Баян (тел: 8-7017326344);

Қасенов Сырым (тел: 8-7029058952).