қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
12.04.2024

ҚР ҒЗИ-мен бірлескен интеграциялық ғылыми жобаларды іске асыруға университеттік грантқа конкурс жарияланды

 
«Ғылым декадасы - 2024» аясында Абай атындағы ҚазҰПУ ҚР ҒЗИ бірлесіп интеграциялық ғылыми жобаларды іске асыруға университет гранты конкурсы өтетіндігін хабарлайды.
Конкурстың мақсаты - өңірдің, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеу арқылы ғылыми кадрларды даярлауда ғылыми-зерттеу институттарымен өзара байланысты күшейту.


Өтініш беруші конкурстық құжаттамада ұсынылған ең төменгі талаптарға сәйкес келетін Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, оқытушысы немесе қызметкері, сондай-ақ ҚР ҒЗИ ғылыми қызметкері бола алады.


Конкурсқа қатысу үшін өтінім конкурстық құжаттаманың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жасалады. Өтінім, ілеспе хат және сұратылатын қаражат есебі мемлекеттік тілде және/немесе орыс тілінде беріледі.


1 жобаны қаржыландыру сомасы 7 млн теңгеге дейін.


Жобаны іске асыру мерзімі: 8 ай. 


Конкурстық өтінімдер 2024 жылдың 24 сәуіріне дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Ғылым департаментіне тапсырылады. Мекен-жайы: Алматы қ., Қазыбек би к-сі, 30, каб. № 209, 203-А. Жауапты тұлға: Ғылым департаментінің директоры  Абдигапбарова У.М.


Конкурстық құжаттама тіркелген.