қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
19.04.2024

Қазақстан қоғамының тарихы бойынша халықаралық вебинар өтеді (XIX ғасырдың аяғы-XXI ғасырдың басы)

 

2024 жылдың 26 сәуір мен 29 сәуір күндері Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық факультетінде Қазақстан Ресубликасының ҒЖБМ бекіткен ЖТН АР14871932 «Қазақстан қоғамының әлеуметтік тарихы мен мәдени жадының аудиовизуалды сюжеттері (ХІХ ғасырдың соңы - ХХІ ғасырдың басы)» тақырыбындағы (2024 жылдың 18 қазандағы № 235/30-22-24 келісім шарт, жоба жетекшісі - т.ғ.к., доцент Далаева Т.Т.) ғылыми жобасы аясында халықаралық ғылыми вебинар өтетінін хабарлайды. Баяндамашылар ретінде Қазақстан, Қырғызстан, Франция, Ресей, АКШ мемлекеттерінің ғалымдары сөз сөйледі. Вебинар аралас форматта өткізіледі: шетелдік және резидент емес қатысушылар үшін онлайн форматында (ZOOM) және Алматыдан келген қатысушылар үшін біріктірілген түрде өтеді.

 

Вебинардың мақсаты - ХІХ ғасырдың соңы - ХХІ ғасырдың басындағы қазіргі ғылыми және қоғамдық медиа кеңістігінде ұсынылған қазақ және әлемдік мәдениеттің аудио және визуалды дереккөздеріндегі әлеуметтік тарих пен тарихи жадының мазмұнын тарихи-антропологиялық зерттеу болып табылады.

 

Фотоқұжаттар секциясы бойынша вебинар 2024 жылдың 26 сәуір күні Алматы уақытымен сағат 16:00-де басталады.

Кинокұжаттар секциясы бойынша вебинар 2024 жылдың 29 сәуір күні Алматы уақытымен сағат 15:00-де басталады.

Баяндамалардың аннотациясымен вебинардың Бағдарламасында танысуға болады. 

Абай университеті жоспарланған вебинарға шақырады: Zoom

 

Қосылу сілтемесі:

https://us06web.zoom.us/j/8807746662?pwd=ZzlUd0Q5ckk0eVRpMGI2aVRpeFF2QT09&omn=88901718061

 

 

Конференцияның идентификаторы: 880 774 6662

 

Қол жеткізу коды: Visual88