қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
10.05.2024

«Климат өзгерісі бойынша білім берудің болашағы: педагогтар мен стейкхолдерлер арасында синергия құру» Азиялық форумы

 

2024 жылдың 15-18 мамыр аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан) және Окаяма университетінің (Жапония) бірлесіп ұйымдастыруымен «Климат өзгерісі бойынша білім берудің болашағы: педагогтар мен стейкхолдерлер арасында синергия құру» Азиялық форум өтеді. Форум Азиялық педагогтардың климат өзгеруі бойынша білім беру жобасының (ATECCE) аясында өтіп, тұрақты даму мақсатында білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейтуді көздейді.

 

Форумның мақсаты - Азияның жоғары және орта білім беру саласына климаттың өзгеруі бойынша білім беруді енгізу мәселелерін талқылау және оқытушылар мен мүдделі тараптар (стейкхолдерлер) арасында синергия құру.

 

Форума серіктестері мен қолдаушылары:

 

- Жапонияның ғылымды дамыту қоғамы (JSPS);
- ЮНЕСКО-ның Алматыдағы аймақтық бюросы;
- ЮНЕСКО-ның Бангкоктағы бюросы;
- ЮНЕСКО-ның Бейжіңдегі бюросы;
- ЮНЕСКО-ның Азия-Тынық мұхиты мәдени орталығы (ACCU);
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы.

 

Форумның қатысушылары:

 

Нобель сыйлығының лауреаты (Рэй Квон Чунг);
ЮНЕСКО-ның аймақтық бюролары мен орталықтарының басшылары мен өкілдері (Алматы, Банкок, Бейжің, Азия-Тынық мұхиты);
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының басшылығы;
Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Окаяма университетінің басшылығы мен профессор-оқытушылары;
Орталық Азия университеттерінің басшылары мен өкілдері (Қоршаған ортаны зерттеу және климаттың өзгеруі жөніндегі Орталық Азия университеті (Green University), Ишеналы Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Ош мемлекеттік университеті);
Ғылыми зерттеу мекемелерінің және талдау орталықтарының басшылары мен өкілдері (Экономикалық зерттеулер институты, Азия аймақтық гляциологиялық орталығы, Алматы қаласын дамыту орталығы және т.б.);
«Климаттың өзгеруі бойынша Азиялық оқытушы-ағартушылар» қауымдастығының мүшелері (Қытай, Үндістан, Жапония, Моңғолия, Қазақстан, Филипин елдерінен өкілдер);
Орта білім беру мекемелерінің мұғалімдері;
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білім алушылары.

 

2021 жылдың наурыз айынан басталған жобада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Promoting teacher education for climate change education» климаттың өзгеруі бойынша білім беру туралы жаһандық бастаманың (жобаның) негізгі қатысушысы болды. ЮНЕСКО-ның қолдауымен Окаяма университетінің Тұрақты даму мүддесі үшін білім беруді ілгерілету орталығы ұйымдастырған (Жапония) жоба Азиялық 9 елдің университет өкілдерін «Климаттың өзгеруі бойынша білім беру үшін мұғалімдерді даярлаудың Азиялық негіздемелік бағдарламасын» әзірлеу мақсатында біріктірді. Жобаны іске асыру процесі үш негізгі кезеңді қамтиды. 2024 жылдың 15-18 мамыр аралығында өтетін Азиялық форумда халықаралық жобаның екінші кезеңі бойынша жоспарланған жұмыстар жүзеге асырылады.

 

Өтетін күні: 15-18 мамыр 2024 ж.
Басталу уақыты: Сағат 9.00.
Өтетін орны: Абай атындағы ҚазҰПУ, Конференц-зал (225)
Мекенжайы: Алматы қ., Достық даңғылы, 13.

Ұйымдастырушы:

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Жаратылыстану және география факультеті

 

Қосымша ақпарат үшін байланыс телефондары:

+7775 733 14 33 Шахислам Ұзақбайұлы; +77022615902 Бахадурхан Шаріпұлы.

E-mail: laiskhanov@gmail.com