қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
16.05.2024

Университет қызметкерлері мен оқытушыларының балаларына арналған «Жас өркен» шығармашылық конкурсы ұйымдастырылуда

 

2024 жылдың 15-30 мамырында Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қызметкерлер Кәсіподақ ұйымының қолдауымен «1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай университет қызметкерлері мен оқытушыларының балаларына арналған Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа оқу мен әндерін айтудан «Жас өркен» шығармашылық конкурсы өтеді.

 

Жобаның мақсаты - өскелең ұрпаққа қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармаларын насихаттау. Баланың дүниетанымын кеңейту, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

Конкурс қатысушылары жас ерекшелігіне байланысты мектеп жасына дейінгі (3-5 жас) және 1-4 бастауыш сыныптар аралығында (6-10 жас) қатыса алады. Конкурс «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» Абай өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқу және «Көңілім әнді ұғады» Абай әндерін жатқа айту аталымдары бойынша өтеді.

 

Конкурсқа бейнероликтерді 2024 жылдың 30 мамыры, сағат 23.00-ге дейін ұсыну тиіс. Конкурс жұмыстарын erbolkyzy.akbota@mail.ru поштасына жолдау қажет.

 

Конкурс қатысушылары мен жүлделі орын иегерлері Басқарма төрағасы - ректордың Алғыс хаттарымен, дипломдары және арнайы бағалы сыйлық жүлде қорларымен марапатталады. Марапаттау рәсімі 2024 жылдың 1 маусымы Халықаралық балалар күніне жоспарланған.

 

Қосымша ақпарат үшін: 87052831242 Ақбота Ерболқызы.

 

КОНКУРС ЕРЕЖЕСІ


Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент