қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
22.05.2024

«Поэтика және өлеңтану мәселелері X» Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы


2024 жылдың 23-25 мамыр күндері Абай атындағы ҚазҰПУ-да Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы, ғалым, педагог Хасен Адибайұлы Адибаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Поэтика және өлеңтану мәселелері X» тақырыбында Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.


Конференцияның мақсаты - бүкіл шығармашылық жолы еліміздің тұңғыш университетімен байланысты болған Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Хасен Әдібаевты еске алу.


Конференция аясында екі халықаралық дөңгелек үстел өткізіледі:

1. Қазақ тіліндегі алғашқы әліппелердің бірінің авторы, белгілі лингвист-терминтанушы, педагог Ғали Бегалиевке арналады (1888-1966) (Модератор: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты).

2. «Пушкин және Абай» тақырыбымен А.С. Пушкиннің 225 жылдығына арналады (Модератор: А.С. Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институты).

Конференция лингвистика мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері саласындағы ғылыми білімдермен және жаңа зерттеу тәсілдерімен алмасу үшін платформа ұсынады, сондай-ақ әртүрлі елдердің зерттеушілері арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.


Іс-шара жұмысының қорытындысы конференцияда ұсынылған ғылыми мақалалар мен баяндамалар жинағын шығару болады. Ғылыми мақалалар жинағында Хасен Әдібаевтың өмірі мен шығармашылығына, сондай-ақ филология мен білім берудің заманауи мәселелеріне арналған ғылыми-зерттеу және талдау еңбектері қамтылады.


Өтетін күні: 23-25 мамыр 2024 жыл. Басталуы: сағат 10.00.

Өтетін орны: Абай атындағы ҚазҰПУ конференц-залы (202). Мекенжайы: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13.

Байланыс телефоны: 87789080920, Римма Абдықадырқызы.