қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
12.06.2024

«ÓRLEÝ» (Өрлеу) бағдарламасы талапкерлерге 10 грант орнына конкурс жариялайды!


Академик Шахмардан Есенов атындағы Ғылыми білім беру қоры жоғары (бакалавриат) оқу орнының ақысын төлеу үшін мемлекеттік немесе өзге де грантқа ие бола алмаған, аз қамтылған отбасылардан шыққан талапкерлерге 10 грант орнына конкурс жариялайды.


Бағдарламаға өтінімдер 2024 жылдың 22 мамырынан 22 шілдесіне дейін қабылданады.

 

Конкурсқа қатысу үшін «ÓRLEÝ» (Өрлеу) бағдарламасымен және Ережесімен танысуды ұсынамыз.