қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.02.2019

«Кітап сыйлау» акциясы


27 ақпанда Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде еліміздегі көктемнің алғашқы мерекесі 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай, жастардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Smart students» орталығында акция өткізілді.

 

«Give Books for Smart Students» акциясының басты мақсаты - сыйлықты шын жүректен, яғни шын ниетпен жақындарыңа жақсы және мейрімге толы кітап сыйлау. Шараны өткізудің негізгі бағыты студенттеріміздің ой өрісін кеңейту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, түсінік-пайымын сара жолға салу болды. Ең маңыздысы студенттердің жай ғана кітап сыйлауы ғана емес, онымен бірге барлық лебіз тілектерін білдіру. Әрбір студент өзінің сүйікті кітабын жастар бастамаларын қолдау орталығына (коворкингке) сыйға тартып, кітап авторлары жайында бөлісе алды.

 

Іс-шараны Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев ашты. Бұл акцияның жастарымызға беретін пайдасы орасан зор екендігін айтып, жоба жайлы ізгі ниетін, жақсы тілектерін білдірді. Кітап сыйлау акциясының бастамасы ретінде өз қолымен «Smart students» орталығына кітаптарды сыйлады.


Акция барысында қатысушылар кітаптарды сыйлаумен қатар, олар сүйікті кітаптары мен авторлары туралы қызықты әңгімелерімен бөлісті.

 

Коворкингтің ыңғайлы атмосферасына бөлене отырып, қызығушылық танытқан қатысушы студенттер кітаптарды оқып, өзідері үшін үйренетін және толғандырған сұрақтарына жауап таба алды. Кітап оқуға ерінбейік, әдетке айналдырайық.


Білім көзі - кітапта! Кітап оқыңыздар!