қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.03.2019

Кəсіби жұмыстың жол картасы өз жұмысын бастап кетті!

 

28 ақпанда «Шетелдік азаматтарға арналған филологиялық мамандықтар» кафедрасы 2018-2019 оқу жылдарына арналған кəсіби бағдар жұмысын өткізу бойынша жол картасын жүзеге асыру мақсатында шетелдік компаниялардың өкілдерімен жəне өткен жылдардағы түлектермен кездесу ұйымдастырды.

 

Кездесу барысында кафедра меңгерушісі профессор Сəуле Бегалиева шетелдік студенттермен жұмыс жасау тəжірибесімен бөлісіп, кафедраның мерейтойлық альбомымен таныстырды. Кəсіби бағдар жұмысы бойынша үйлестіруші, асс. профессор Тоғжан Айтқазина қонақтарды шетелдік азаматтардың оқуға түсу, оқу жəне жатақханада тұру ережелерімен таныстырды. Доцент Гунчам Нурахунова өз сөзінде қазіргі жағдайда қазақ жəне орыс тілдерін меңгерудің қажеттігін атап өтті.

 

Кездесуде əр түрлі елдерден келген кафедра түлектері: Жаратылыстану жəне география институтының доценті, г.ғ.к. Қастер Сарқытқан (Қазақстан Республикасы), Со Конг Хо (Корей Республикасы), ЛюЧжичун (ҚХР), Чжан Сяоюн (ҚХР), Сюй Мингмэй (ҚХР), Цай Линпэй (ҚХР), Дженгизхан Сефероглу (Түркия) сөз сөйледі.

 

«RG Brands Kazakhstan» ЖШС-нің өкілі Елена Колесникова, «Forest Angel Tourism» туристік компаниясының директоры Дана Тохтар, «CSI» компаниясының менеджері Дауыр Гүлпиан шетелдік талапкерлерді шақыру бойынша ынтымақтастыққа қызығушылықтарын білдіріп, өз пікірлерімен бөлісті.

 

   


Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы