қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.03.2019

«Ел болам десең, бесігіңді түзе»

 

Қазіргі жаһандану заманында қоғамдағы кейбір жастарымыз әдепсіз әдеттерге, мұсылмандыққа, қазақы болмысымызға жат қылықтарға бой алдыруда. Кейбір жастарымыз батыстық мәдениетке еліктеп, әуендеріне елітіп, қыз балаға жат,өрескел әрекеттерге баруда.

 

Бүгінгі таңда, маңызды мәселенің бірі тұрғысынан, 4 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің ұйымдастыруымен «Ел болам десең, бесігіңді түзе» тақырыбында «Қызым, саған айтам...» сырласу кеші өткізілді.

 

Басқосудың қонағы белгілі қоғам және мәдениет қайраткері, тіл жанашыры, ғалым, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Достық» және «Парасат» ордендерінің иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор - Асылы Осман болды. Ол жастардың ұлттық мінезі мен қазақы болмысымыздан алыстап, өзге жұрттың дәстүріне еліктеп, дүбәра күйге түспеу керектігін айтты.

 

Қыз бала тәрбиесі отбасынан басталып, ұлттық болмыс бойында толыққанды қалыптасқан иманды қыз, ибалы бойжеткен, ертең аяулы ана атанып, отбасының ұйытқысы болатынына кеңінен тоқталды.Үй болу тәрбиесінің аздығынан, тәжірибенің кемшіндігінен бүгінгі таңда жастар арасында ажырасудың көбеюі сөз болды.

 

Бүгінгі студент қыздардың - ертеңгі жар, отбасының берекесін кіргізіп, шырайын ашатын ана болатынына айрықша мән беріп, шынайы ашық түрде сұхбат өтті. Көрермендер тарапынан қойылған сауалдарға тұщымды жауаптар берілді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  

 

Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation)