қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.04.2015

Бірінші дәрежелі Дипломмен марапатталды

 

2015 жылғы 15-17 сәуір аралығында Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университетінде өткізілген орыс тілі мен әдебиеті бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтының командасы қатысты.
Әртүрлі бағдарламадағы Республикалық студенттік олимиадаға «5В011800 -Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттері Жалғаева Ақниет, Молдағұлова Ақерке және Серікова Найля (жетекшісі кафедра профессоры Бұзаубағарова Қарлығаш Сапарғалиқызы) қатысты.
Студенттер орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жазба жұмыстарын орындадап, «Мен орыс білімін үйренер едім.» тақырыбындағы үй тапсырмасын ауызша баяндады.
Олимпиада қортындысында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі болды.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенті Найля Серікова Білім және ғылым министірлігінің І дәрежелі дипломымен марапатталды.
Жалпы командалық жарыс бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ командасы Білім және ғылым министрлігінің ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
Осындай жетістікке жеткен кафедра оқытушыларына шын көңілден алғыс білдіреміз әсіресе команданы олимпиадаға дайындаған доцент Зинаида Наумоваға, Айымгүл Қайырбекқызы Қазкеноваға, профессор Лариса Викторовна Эглитке алғыс білдіреміз.
Республикалық студенттік олимиада өткізген ЖОО-ның дәстүрі бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталған студенттің оқу орны келесі жылы пәндік олимпиада өткізеді. 2016 жылғы сәуір айында бұл міндетті университетіміз атқарады.