қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.03.2019

«Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»

 

2019 жылы 14 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еркін форматта «Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықтарын арттыру.


Дөңгелек үстел жиынында университетіміздің «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Ермек Бурибаев, кафедра профессоры Бақытжан Төлеубекова, «Халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы Салима Абрешева, Студенттік ректорат ұйымы, Жастар ісі жөніндегі комитет, «Саналы ұрпақ» клубы, «Департамент жастары» ұйымының белсенді мүшелері қатысты.


Дөңгелек үстел барысында оқытушыларымыз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жастарды пара беру мен алуға қатысты заңсыз әрекеттерге қарсы тұруға шақырды. Іс-шара соңында белсенді жастарымыз сөз алып, саналы түрде бірігіп, қоғам дертіне пәрменді күресуге уәделерін берді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   


Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар
және жастар саясаты департаменті