қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.03.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс

 

Аса құрметті Елбасы, Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері Сізге жас ұрпаққа деген қамқорлығыңыз бен қолдауыңыз үшін алғыс білдіреді.

 

Сіздің Қазақстан халқы үшін жасаған зор еңбегіңіз жастардың да жарқын болашағына бағытталған айқын игілік болатын.

 

Тәуелсіз мемлекетіміздің жетістігі - Cіздің тынымсыз еңбегіңіздің, көреген саясатыңыздың, үлкен парасатыңыздың жеңісі. Қазақстан халқының сенімі Сізге деген ыстық ықыласы мен шексіз құрметінің көрінісі деп білеміз.

 

Сіз мемлекет тарапынан жастарға көп жолдар аштыңыз: «Болашақ», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары - бұл Сіздің жастарды қолдаудағы бастамалардың бір бөлігі ғана. Оған дәлел - Сіздің биылғы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауыңыз.

 

Сіздің жуырдағы Үндеуіңіз Қазақстан халқы үшін тосын құбылыс болды. Біз Абай атындағы ҚазҰПУ жастары Сіздің бұл шешіміңізді саяси ерлікке бағалаймыз. Және қимастық сезіммен Сізге зор ризашылығымыз бен шексіз алғысымызды білдіреміз. Өйткені, жас мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі мен дамуы, әлемге танылу жолында Сіздің атқарған еңбегіңіз ұшан-теңіз.

 

Сізге алдағы уақытта да зор денсаулық, қажыр-қайрат тілей отырып, еліміздің Тұңғыш Президенті ретінде халқыңызға қалтықсыз қызмет ете береді деп сенеміз.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ жастары Елбасымен бірге!

 

 

Зор құрметпен,

Абай атындағы ҚазҰПУ жастары