қазақша · русский · english
 
 
 
 Ниетбаева Гүлмира Бекенқызы
Кафедра меңгерушісі
Phd доктор, қауымдастырылған профессор
Төле би көшесі, 31
 8-701-719-14-76
mika-argin@mail.ru

 

 

«Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасы - психолог мамандарын даярлайтын жетекші кафедра. Кафедраның тарихы 1930 жылдан бастау алған. Сол жылдары педагогика және психология кафедрасы ашылып, оның жетекшісі психолог ғылыми дәрежесі бар, алғашқы қазақ ғалымы Т.Тәжібаев болды. 1946 жылы профессор И.Л. Стычинскийдің жетекшілігімен психология кафедрасы болып қайта құрылды және Қазақстандағы алғашқы дербес психологиялық бөлімше ретінде тарихта қалды. 1968 жылы Қазақстандағы алғашқы психология кафедрасы құрылды, оны Қазақстандағы психология ғылымының танымал жетекшісі және ұйымдастырушысы, психология ғылымдарының докторы, профессор М.М. Мұқанов басқарды.

 

«Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының қызметінің барлық бағыттары азаматтық және әлеуметтік жауапкершілікке негізделген, жоғары білікті кадрларды кәсіби және ғылыми-педагогикалық даярлау жоғары деңгейде үш сатылы модель бойынша жүргізіледі:
- 6В03 - Әлеуметтік ғылымдар, бакалавриат;
- 7M03 - Әлеуметтік ғылымдар, магистратура;
- 8D03 - Әлеуметтік ғылымдар, философия докторларын (PhD) даярлау.

 

«6В031 - Әлеуметтік ғылымдар» (бакалавриат) бағыты бойынша даярлау келесі білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады:
- «6В03111 - Практикалық психологты даярлау»;

«7М031 - Әлеуметтік ғылымдар» бағыты бойынша (магистратура) даярлау екі білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады;
- «7М03118 - Психотерапия негіздерімен денсаулық психологиясы»;
- «7М03116 - Психологиялық диагностика және қабілеттерді дамыту».

«8D031 - Әлеуметтік ғылымдар» бағыты бойынша (доктарантура) даярлау екі білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асрылады:
- «8D03117 - Клиникалық және әлеуметтік психология»;
- «8D03105 - Психология».

 

Қазіргі уақытта кафедрада 4 психология ғылымдарының докторы, профессорлар, 8 ғылым кандидаты, 2 ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессорлар, 2 философия докторы (PhD), 7 ғылым магистрі, аға оқытушылар жұмыс істейді. Олардың ішінде: ҚР Білім беру ісінің 3 құрметті қызметкері және 2 «ЖОО үздік оқытушысы», 1 Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері бар.


2023 жылы «Тұлғаның психологиялық диагностикалау» оқу - зерттеу зертханасы ашылды. Психолог мамандарды, әсіресе магистранттар мен докторанттарды даярлау кезінде, зертхананың алатын орны өте ерекше.


Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жоғары білікті мамандардан тұрады. «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасы психологтарды даярлаудың тиімді орталығы болып табылады. Оқытушылардың ғылыми эрудициясы, олардың кәсіби қағидаттылығы, әріптестерімен және студенттермен қарым-қатынас жасаудың ерекше қабілеттері құзыретті мамандар және тұтас тұлғалар ретінде білім алушы жастардың дамуының қажетті салалық және мәдени ортасын қалыптастырады. Соңғы 10 жылда кафедра білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау органдары, пенитенциарлық мекемелер, әскер, бизнес және қоғамның басқа құрылымдары үшін 1200-ге жуық жоғары кәсіби практик-психологтарды, 100 әлеуметтік ғылым магистрлерін дайындады.


Біздің білім алушылар жыл сайынғы студенттік конференциялар мен университеттік және республикалық конкурстарға белсене қатысып, жүлделі орын иеленеді.


Кафедра бірнеше мемлекеттік мекемелермен практика базасы ретінде ынтымақтастық орнатқан, атап айтсақ: жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар; мектеп-гимназиялар; «Жан нұры» психологиялық кеңес беру орталығы; «Бөбек» гуманитарлық колледжі; ҚР Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының №7552 әскери бөлімі; ҚР Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының №5571 әскери бөлімі; ҚР Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының №3660 әскери бөлімі; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі департаменті Алматы облысы бойынша; №4 ККП қалалық емхана; Абай атындағы ҚазҰПУ психологиялық қызметі; Қазақ ұлттық аграрлық университетінің психологиялық қызметі; "SmArt. Point Almaty».


Студенттер мен магистранттар келесі кәсіби қызмет объектілерінде практикадан өту мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі:
- білім беру ұйымдарының барлық түрлерінде;
- спорттық және шығармашылық ұйымдарда;
- денсаулық сақтау ұйымдарында;
- әлеуметтік қызметтерде, жұмыспен қамту орталықтарында;
- қоғамдық пікір мен саяси технологияларды зерттеу орталықтарында;
- өндірістік кәсіпорындар мен бизнес ұйымдарында;
-құқық қорғау органдарында, әскери ұйымдарда және пенитенциарлық мекемелерде.

 

6В03111 -Практик психологтарды даярлау Білім беру бағдарламасының 2024-2029 жж. арналған даму жоспары

 

7М03118-Психотерапия негіздерімен денсаулық психологиясы Білім беру бағдарламасының 2024-2029жж. арналған даму жоспары