қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.04.2019

«IQ-Alaman» зияткерлік сайысы

 

2019 жылдың 29 наурызында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында ЖОО студенттерінің арасында «IQ-Alaman» зияткерлік сайыс өтті.

 

Сайыс екі кезең бойынша өтті:

І. «Ақылды технологиялар - цифрлық дәуір мүмкіндігі» көрмесі. Әр команда үй тапсырмасы ретінде 2018 жылғы Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында көрсетілген міндеттерін іске асыру жолында өздерінің «Ақылды технология» үлгілерін ұсынып, таныстыруы тиіс.

ІІ. Зияткерлік сайыс: -  «IQ-Linguist», «IQ-Typist», «Magic square», «IQ-Detective».

 

Зияткерлік сайысқа университетімізден «Smart Dreams» командасы қатысты. «IQ-аламан» зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша командалар арасынан  «Smart dreams» ІІІ-ші орынды, ал команданың жасаған алгоритмдерді оқытуға арналған орындаушы роботы - Robot-performer «Ақылды технология» үлгісі І-ші орынды иеленді.

 

Топ мүшелері - «5B011100 - Информатика» мамандығының 3-курс студенттері: Айгерім Туленди, Ақәділ Бастығожа, Жәнібек Әбіл.

 

Жетекшілері - «Информатика және білімді ақпараттандыру» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Есен Бидайбеков, аға оқытушы Индира Сәлғожа, оқытушы Нұрбол Әбішев, педагогикалық Stem-park қызметкері Нұрланбек Нуруллаев.

 

   

 

   

 

   

 

Математика, физика және информатика институты