қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
06.01.2025

Орта ғасырлардағы Еуразия даласы және әлемдік өркениет


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық факультетінің «Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан тарихы» кафедрасы 2025 жылдың 15-24 қаңтары аралығында «Орта ғасырлардағы Еуразия даласы және әлемдік өркениет» тақырыбында халықаралық қысқы мектеп өткізеді.

 

Қысқы мектептің мақсаты - ортағасырлардағы Еуразия даласы тарихының қазіргі тарих ғылымындағы зерттелу деңгейін, оның әлемдік өркениеттегі орнын көрсету, жаңа зерттеулерге серпін беру, бакалавриат, магистратура, докторантура деңгейлерінде білім алушылардың заманауи курстарды игеруіне жағдай жасау, тарихшы мамандарға біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік беру.

 

Қысқы мектепте қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар Еуразия даласының ортағасырлардағы тарихына қатысты баяндамалар жасайды. Спикерлер негізгі проблемалық бағыттар бойынша зерттеу нәтижелері мен қорытындыларын ұсынады.     

 

Қысқы мектеп ZOOM платформасында онлайн форматта өткізіледі.

Ортағасырлардағы Еуразия даласының саяси, этникалық, мәдени тарихына және олардың әлемдік өркениетте алатын орны мәселесіне қызығушылық танытушыларды Қысқы мектепке қатысуға шақырамыз.

Қысқы мектеп жұмысының соңында қатысушыларға біліктілік арттырғаны жөнінде Сертификат беріледі.

 

Мәртебесі: Халықаралық

Тақырыбы: «Орта ғасырлардағы Еуразия даласы және әлемдік өркениет»

Өту форматы: онлайн формат, Zoom платформасы

Уақыты: 15:00 - 18:00

Ұзақтығы: 10 жұмыс күні

Курстар: дәрістер, практикалық сабақтар.

Уақыт ауқымы:  80 сағат

Жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын тілдері

Спикерлер: Еуразияның ортағасырлар тарихы бойынша қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар

Аудитория: профессорлық-оқытушылық құрам өкілдері, педагогтар, студенттер, магистранттар,  докторанттар, ізденушілер

Өтінімге қойылатын талаптар: барлық өтінім қабылданады. Қатысу міндетті.

Оқыту формасы: тегін.

 

«Қысқы мектепке» қатысуға ниет білдірушілер Өтінімдерін толық рәсімдеп, 2025 жылдың 10 қаңтарына дейін gauhar_798@mail.ru адресіне жіберулері тиіс.

 

Мекенжайы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Тарих және құқық факультеті, ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан тарихы кафедрасы

 

 

ӨТІНІМ ҮЛГІСІ

 

Тегі, аты, әкесінің аты (ЖК бойынша)

 

Жұмыс орны

 

Қызметі

 

Ғылыми дәрежесі, атағы

 

Байланыс телефондары

 

E-mail

 

 

 

 

Ұйымдастыру алқасы