қазақша · русский · english
 
 
 

 

Жаһандану процесі жаңа жағдайларда тиімді жұмыс істей алатын кәсіби кадрларға деген қажеттілікті тудырады. Бұл мәселені шешу бүгінде білім беруді интернационалдандырумен байланысты.

 

Шетелдік университеттермен ынтымақтастық инновациялық әдістерді, шетелде оқыту мен тағылымдамаларды пайдалана отырып, академиялық ұтқырлықтың әртүрлі нысандарын дамыту, дәрістер оқу, шет тілдерін білуді жетілдіру, университетті интернационалдандыруға ықпал ететін халықаралық семинарлар, конференциялар және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында шетелдік жоғары оқу орындарының оқытушыларын шақыру үшін үлкен мүмкіндіктер ашады.

 

«Арнайы педагогика» кафедрасы білім алушылардың академиялық ұтқырлығы бағытында Климент Охридский атындағы София университеті, арнайы педагогика кафедрасы (София қаласы, Болгария), Қазан Федералды университеті, Х.Абовян атындағы Армян мемлекеттік педагогикалық университеті, Т.Шевченко атындағы Киев ұлттық университеті және басқа да 1000 үздік жоғары оқу орындарының қатарына кіретін жетекші университеттермен ынтымақтасады.

 

Мамандардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру мақсатында «Арнайы педагогика» кафедрасы жақын және алыс шетелдердің бірқатар беделді жоғарғы оқу орындарымен байланыс және халықаралық ынтымақтастық орнатты. Олардың қатарында Мария Гжегожевская атындағы Арнайы педагогика Академиясы (Варшава, Польша); Гази университеті (Анкара, Түркия); Лейпциг университеті (Германия); А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті (Санкт-Петербург, Ресей); Шяуляй университеті (Литва); Москва мемлекеттік педагогикалық университеті (Москва, Ресей), Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті (Гродно, Беларусь); Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті (Ташкент, Өзбекстан); И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті (Бішкек, Қырғызстан); Германияның академиялық алмасу қызметі (DAAD) бар.