қазақша · русский · english
 
 
 

 

Ғылыми-зерттеу жұмысы төмендегідей негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- магистрлік және докторлық диссертациялар, профессор-оқытушылар құрамының жеке ғылыми зерттеулері аясында орындалатын жеке ғылыми-зерттеу жұмыстары;

- дипломдық жұмыстарға, магистрлік және докторлық диссертацияларға ғылыми жетекшілік, студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;

- кафедраның «Жаңа ұрпақ мектептеріне арналған болашақ бастауыш білім беру педагогтерін даярлау» атты ортақ тақырыбы бойында жұмыс және студенттер, магистранттар мен докторанттарды ғылыми жұмыстарға тарту, курс және диплом жұмыстарының тақырыптары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру, студенттер, магистранттар мен докторанттардың ғылыми конференция жұмыстарына қатысуы;

- ҚР ҒЖБМ-нің ғылыми жобаларды орындауды гранттық қаржыландыру жұмыстарына, ректордың грантына ПОҚ-тың қатысуы және халықаралық жобаларға қатысуы;

- ҚР академиялық мекемелерімен және ТМД елдерінің, жақын және алыс шетел университеттерімен байланыс. Бұл бағыт басқа оқу-зерттеу құрылымдарымен байланыс орнату, дуалды оқытудың пилоттық бағдарламасын жүргізу, тәжірибе алмасу және түрлі конференцияларға бірлесіп қатысу жолдарымен іске асырылады.


ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын ғылыми жобалардың болуын және жүзеге асырылуын бағалау, 2023 ж. кафедралардың білім бағдарламаларының сәйкестік дәрежесі

Кафедрада ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын 4 және 2 ішкі ғылыми жоба, сондай-ақ кафедраның екі оқытушысы, А.С.Амирова мен А.Т.Тынысханова қатысатын өзге ЖОО-мен бірге сыртқы екі жоба жүзеге асырылады.

Жобалардың тақырыптары мен жетекшілері:

1. ЖТН АР14872058 «Мобильді білім беру ортасын құру арқылы болашақ бастауыш білім беру педагогтерін ұлттық құндылыққа баулу». Жоба жетекшісі - педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жумабаева А.Е.

2. AP19680117 «Бастауыш сынып оқушыларының интеллектісін дамытуға бағытталған нейродидактикалық контент әзірлеу». Жоба жетекшісі -  PhD Жұмабаева Ж.А. 

3. AP14871883 «Хайфлекс (hiflex) технологиясы арқылы болашақ педагогтің кәсіби табыстылығын қамтамасыз ету». Жоба жетекшісі - п.ғ.д., профессор  Амирова А.С.

4. ЖТН АР19576707 «Оқытудың әмбебап дизайны технологиясы (UDL) арқылы болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастыру». Жоба жетекшісі -  PhD Умирбекова А.Н. 

5. Ақпараттық білім беру жағдайында болашақ Digital педагогтерді даярлаудың теориялық және практикалық негіздері. Жоба жетекшісі - PhD Жунусбекова А. (университет ішілік жоба)

6. Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында болашақ бастауыш педагогтерінің «soft skills» дамыту. Жоба жетекшісі - п.ғ.к., қауымд.профессор Нуржанова С.А

 

Жобалардың тақырыптары кафедраның ББ-на сай және қолданыстағы бағдарламаларды дамытуға себепші болады.

 

«Жаңа ұрпақ мектептеріне арналған болашақ бастауыш білім педагогтерін даярлау» атты кафедраның ортақ тақырыбы бойынша 2 оқу-әдістемелік құрал мен 3 монография әзірленіп, тәжірибеден өткізіліп, басып шығарылды және оқу үдерісіне ендірілді.

 

Erasmus+ бағдарламасы бойынша KazDual - «Қазақстанда дуалды жүйені енгізу» жобасына қатысу (жоба сілтемесі: ЕС 618835-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE-SP). Жүзеге асыру мерзімі: 15.01.2021 -14.01.2024) «В003-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша дуалды оқыту моделін еңгізудің пилоттық жобасын іске қосуға мүмкіндік берді. NGS (Эн Джи Эс) мектебімен серіктес болды. Кафедрада алғаш рет өндірістік оқыту, студенттерді білім беру үдерісіне қосу тәсілдері әзірленді, оқытудың толық цикліне үшжақты келісім шарттар жасалды, дуальді оқыту Обсерваториясы ашылды.

ҚР ҒЖБМ ҒК қаржыландыратын AP14871883 «Хайфлекс (hiflex) технологиясы арқылы болашақ педагогтің кәсіби табыстылығын қамтамасыз ету» атты ғылыми жоба аясында Abai University-нде «Hyflex сыныбы» ашылды. 


Ғылыми-зерттеу жұмысының жылдық есебі 2023