қазақша · русский · english
 
 
 

 

«Бастауыш білім беру» кафедрасының халықаралық қызметі алыс және жақын шетел ұйымдарымен білім беру саласында жемісті ынтымақтастықты ұйымдастыруға бағытталған. Бұл ынтымақтастық білім беру және инновациялық технологиялар саласындағы халықаралық байланыстарды кеңейтуді, оқытушылардың, студенттердің, магистранттар мен докторанттардың академиялық ұтқырлығын, білім беру жобаларына қатысуды, ғылыми және ғылыми-тәжірибелік семинарлар мен конференцияларға қатысуды, бастауыш білім берудің өзекті мәселелерін талқылау бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу бағытын көрсететін мақалалар шығаруды, оқу-әдістемелік кешендерді бірлесіп әзірлеуді қамтиды.

 

«Бастауыш білім беру» кафедрасы көп жылдар бойы алыс-жақын шетел университеттерімен студенттерге арналған бірлескен іс-шараларды тығыз және жемісті ынтымақтастықта ұйымдастырып келеді. Кафедра Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетімен (Ресей), Дағыстан педагогикалық университетімен (Ресей, Махачкала), Қазан федералды университетімен (Ресей), Слупск қаласындағы Померания академиясымен (Польша), Мәскеу қалалық педагогикалық университетімен (Ресей), Волгоград мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетімен (Ресей), Я.Купалы атындағы Гродно мемлекеттік университетімен (Беларусь) келісім-шарттар жасаған. Сондай-ақ, бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі саласындағы ынтымақтастық Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетімен (Ресей), В.М.Шукшина атындағы Алтай әлеуметтік-педагогикалық университетімен (Бийск, Ресей) келісім-шартсыз да жүзеге асырылуда.

 

Кафедра халықаралық ынтымақтастық аясында жыл сайын кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен шетелдік ЖОО оқытушылары, бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен студенттерге арналған конкурстар, дөңгелек үстелдер, педагогикалық кездесулер, қысқы мектептер өткізіп келеді.