қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.09.2015

Білім күні


Бүгін еліміздің барлық түпкірінде үлкен мереке -бүлдіршіндер мектеп табалдырығын аттап, жаңа өмірге қадам басып жатса, мектепті бітірген жастар студент атанып, өмірдің жаңа белестерін, «ғылым» атты әлемнің есігін ашып отыр. Осындай айтулы мереке бүгін қазақ білімінің қара шаңырағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде салтанатты түрде аталып өтті. Мерекелік жиынға Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылары мен профессорлары, университет табалдырығын жаңа аттаған студент -жастар мен ата-аналар қатысты. Салтанатты жиынды университетіміздің ректоры, профессор, ҚР ҰҒА академигі Серік Жайлауұлы Пірәлиев ашты.
Серік Жайлауұлы Пірәлиев оқу орнының профессор-оқытушылары мен студентерін, магистранттарын білім күнімен құтықтай келіп, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әлемдік білім кеңістігіне ену,халықаралық инновациялық технологияларды игере отырып, білім беру сапасын арттыру жөніндегі игі істері туралы айтты. Сонымен қатар бүкіл ел болып атап өткелі отырған Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесіне, Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 70 жыл, ҚР Конституциясына, Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толып отырғанына, мұның бәрі, сайып келгенде, ел тарихының қадау-қадау кезеңдері болып табылатынына тоқталды. Серік Жайлауұлы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел болашағын өркендету мақсатында жасаған «5 институтционалдық реформа және 100 нақты қадам» Ұлттық жоспарына да кеңінен тоқталды. Ректор бұдан кейінгі сөзін жоғары оқу орнына енді түскен 1- курс студенттеріне арнап, жас жеткіншіктерге табыстар тіледі.
Сондай-ақ салтанатты жиында институт директорлары мен факультет декандары таныстырылып, оларға сөз берілді. Мерекелік жиында сөз алған Педагогика және психология институтының директоры, профессор Кеңесбаев Серік Мұхтарұлы және орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Әбішева Сәуле Жүнісқызы студент жастарды жаңа оқу жылымен құттықтады.
Университетіміздің ректоры, профессор С. Ж. Пірәлиев оқуға жаңа түскен талапкерлерге «Студенттік билет» пен «Білім кілтінің» символикасын салтанатты түрде тапсырды. Мерекелік кеш одан әрі Қазақстан эстрада жұлдыздары мен университетіміздің талантты жастары ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ

Баспасөз орталығы