![]()
10.06.2025 Математика және математикалық моделдеу кафедрасының кеңейтілген талқылауы өтеді 2025 жылы 23 маусымда сағат 10:00-де Математика, физика және информатика факультеті математика және математикалық моделдеу кафедрасының кеңейтілген отырысында «6D060100 - Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Жаксылыкова Жадра Рахметовнаның «Орталардың шекараларында сызықты емес теңдеулерді бірқалыпты дәлдікпен шешудің тиімді итеративті әдістері туралы» атты тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланады.
Кафедраның кеңейтілген отырысы оффлайн және онлайн форматта өтеді. Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалды. Қорғау тілі - орыс тілі.
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР: Темирбеков Нурлан Муханович- физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА және ҰИА академигі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан); Ольшанский Максим Александрович- физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Хьюстон университеті (Хьюстон қаласы, АҚШ).
Абдираманов Жанарс Алда-Онгарович - PhD, аға оқытушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан); Алпар Султан Дуйсенұлы - PhD, сениор-лектор, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (Алматы қ., Қазақстан).
Идентификатор: 977 166 6805 Код: 1234 Мекенжайы: 050010, Алматы қ., Төле би к., 86, аудитория 322.
|