қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.02.2011

Жыл сайын Елбасымыз еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени өмірінің негізгі бағыттарын анықтайтын ҚР халқына Жолдауын  ұсынады. Елбасының  «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»  атты ҚР халқына жасаған  биылғы Жолдауында  еліміздің тәуелсіздігінің сан қилы парақтардан құралған 20 жылдық тарихи жолында жеткен жетістіктері мен даму жолдары айқындалды. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!»  атты ҚР халқына Жолдауын  қолдау  мақсатында  жиын болып өтті.