
Негізгі бет /
Хабарландыру
23.11.2016
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, «6D011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін Балтабаева Наргиза Смаиловнаның «Қазақ роман-эссе жанрының қалыптасу тарихы, оны оқытудың даралық-дәстүрлік ұстанымдары» тақырыбында диссертациясы қорғалады. Диссертация Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде орындалған. Қорғау тілі - мемлекеттік тілде.
Ғылыми кеңесшілер: Зайкенова Руда Зайкенқызы - филология ғылымдарының докторы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессоры; Сманов Бақтияр Өрісбайұлы - ҚР ҰҒА академигі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры; Kenan Koc / Кенан Коч- PhD доктор, Мугла Сыткы Кочман университетінің профессоры (Түркия, Мугла).
Рецензенттер: Дандай Ысқақ - филология ғылымдарының докторы, Сүлеймен Демирел университетінің профессоры; Серікқазы Қорабай - филология ғылымдарының кандидаты, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі. Қорғау 2016 жылдың 30 желтоқсан сағат 11:30-да Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13 (3-қабат, 320 кабинет), веб-сайт - www.kaznpu.kz Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|