қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.04.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ-да өзбек ғалымы Аманулла Мұхамеджанов болды

 

Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында және академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне Тарих және құқық институтының «Құқықтану» кафедрасының шақыруымен Ташкент мемлекеттік заң университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Аманулла Мұхамеджанов келді.


Өзбекстандық ғалымның сапары барысында университетіміздің ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариевамен болашақта екі университеттің арасындағы ынтымақтастықты нығайту, әлеуметтік ғылымдар саласында біріккен ғылыми зерттеулер жасап, тәжірибе алмасуды дамыту жөнінде келіссөздер жүргізілді.

 

   

 

  

 

Құқықтану кафедрасы