қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.04.2019

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету: мемлекет пен қоғам рөлі» II қазақ-француз форумы

 

  

 

2019 жылдың  19 сәуірінде «Novotel» қонақ үйінде «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету: мемлекет пен қоғам рөлі» тақырыбында II қазақ-француз форумы өтті.

 

Форумның ұйымдастырушылары - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақстан Институты және Қазақстан Республикасындағы Франция Республикасы Елшілігі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры және Францияның сыртқы сауда кеңесшілері, Франция Қазақстан Сауда-Өнеркәсіп палатасы.

 

Халықаралық форум жұмысына ректор Такир Балықбаев, ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми, Қазақстандағы Франция Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Франция Республикасының Бас консулы Алексис Шахтахтинский, Қоғамдық өмірдің транспаренттігін қамтамасыз етуші Жоғары органның Бас хатшысы Лиза Ламгани (Франция), Париж қаласы прокурорының орынбасары, терроризмге қарсы күрес саласының маманы Беатрис Бругер (Франция), халықаралық және стратегиялық қатынастар саласындағы сарапшы, Қорғаныс министрлігінің сарапшысы Пьер Конеза (Франция), INALCO президенті Мануэль Франк (Франция), Француз Республикасының Жаһандану, мәдениет, білім беру және халықаралық даму жөніндегі бас басқармасының Университет және ғылыми әріптестік (Еуропа, Азия, Солтүстік Америка) орталығының жетекшісі Мартина Руссель (Франция), Франция елінің атташесі Жиль Маметц, сондай-ақ Еуропа Одағынан белгілі сарапшылар, Қазақстан Республикасы мен Францияның мемлекеттік органдарының басшылары мен дипломатиялық корпус өкілдері, Франция мен Қазақстан Республикасының жетекші ғылыми орталықтары және Францияның танымал университеттері: Сорбонна университеті, Страсбург университеті, Лотарингия университеті, Тулуз университеті, Пуатье университеті ректорлары мен беделді ғалымдары қатысты.

 

Форумның ашылуында ректор Такир Балықбаев «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету: мемлекет пен қоғам рөлі» форумның мақсатымен таныстырып, талқыланатын тақырыптардың өзектілігі мен оны шешудегі басымдықтарды атап өтті: «Осы пікір алмасу алаңында  біз  заңның және қауіпсіздік жүйесінің ережелері; дипломатияның ұлттық мүдделерін ілгерілету; жаңа қауіпсіздік факторы ретінде цифрландыру; білім, денсаулық және қауіпсіздік; экономикалық, қаржылық қауіпсіздік және жаһандану жағдайындағы бизнес тақырыптарындағы өзекті мәселелерді талқылауымыз керек. Біз күш-жігерімізді біріктіре отырып, осы мәселелердің шешімін тауып, тәжірибе алмасуға тиіспіз...», - деді.

 

Форум аясында Сорбонна Университеті (Париж 13 Университеті) басшылығымен «Денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджмент», «Фискалдық құқық» саласындағы мамандарды даярлау бойынша маңызды меморандумдарға қол қою рәсімі өтті. Іс-шарада Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан институтының үздік түлектеріне INALCO президенті (Сорбонна университеті) атынан дипломдар табыс етілді.

 

Халықаралық форум екі ел тарапынан талқыланған ауқымды мәселелер бойынша сындарлы пікір мен тәжірбие алмасу алаңына айналып, өте мазмұнды және нәтижелі өтті.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  

 

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім