![]()
26.04.2019
Университетте су тасқынына алдын-алу шараларына байланысты жаттығу өтті
2019 жылдың 25 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Сел қауіпі туындаған жағдайда ЖОО басшы құрамының, қызметкерлер мен студенттердің іс-әрекеті» тақырыбында дайындық жаттығу жұмыстары жүргізілді.
ЖОО оқытушылары мен студенттері аталған іс-шараға сауатты іс-қимыл әрекеті мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында шақырылды. Тарих және құқық институтында интерактивті сабақ өткізіліп, сел ағындарының Алматы қаласына тигізетін жойқын әсері көрсетілді.
Қатысушылар назарына су тасқын қауіпі туындаған жағдайдағы іс-әрекеттер ұсынылды. Университет дәрісханасынан студенттерді қауіпсіз орынға эвакуациялау жұмысы жүргізілді. Аталған іс-шараға тарих және құқық институтының директоры Болат Жұмағұловпен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрболат Манапбаев және институт профессор-оқытушылар құрамы белсене қатысты.
Азаматтық қорғаныс және жұмылдыруға дайындық бөлімі
![]() Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|