қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.05.2019

Депутатпен кездесу

 

  

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Зағипа Балиева университеттің профессор-оқытушылар құрамы және білім алушыларымен кездесті.


Іс-шараны ректор Такир Балықбаев ашты. Ректор кездесу мақсатымен таныстырып, Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева бұған дейін де оқу орнында арнайы болып, ұжыммен білім сапасын, мұғалім мәртебесін көтеру туралы ой бөліскендігін, сол кездесудегі көтерілген мәселелер мен айтылған пікірлерді одан әрі пысықтау үшін депутат бүгін ортамызға тағы да келіп отырғандығын айтты.

 

Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева «Nur Otan» париясының ақпан айында өткен XVIII съезінде Партия Төрағасы, Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім сапасын жақсарту, бәсекеге қабілетті педагог даярлау және ұстаз мәртебесін көтеру туралы тапсырмалар берілгендігін атап өтті.

 

Іс-шара барысында съезд шешімдеріне орай көп балалы аналарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, ең төменгі жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көбейту және басқа да әлеуметтік мәселелердің қалай шешіліп жатқаны айтылды. Сондай-ақ бұл кездесуде депутатқа университет профессорлары тарапынан бәсекеге қабілетті маман даярлау және ұстаз мәртебесін көтеру туралы сұрақтар қойылып, осы мәселеге байланысты ұстаздардың пікірі тыңдалды.

 

Депутат Зағипа Балиева айтылған барлық ұсынысты Білім және ғылым министрлігіне, Парламентке жеткізетінін, алдағы уақытта мұндай байланыстар жалғасын таба беретінін айтты.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім