қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.05.2019

Соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесу

 

4 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 74 жылдығына байланысты соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесу болды.

 

Кездесуді ашқан университеттің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов қазақстандықтардың, оның ішінде еліміздің Тұңғыш жоғары оқу орны - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ұстаздары мен шәкірттері соғыс жылдарындағы ерен ерліктері және тылдағы еңбектері туралы баяндап, соғыс және еңбек ардагерлеріне университет ректоры атынан ақшалай сыйлықтар табыс етті.

 

Университетіміздің құрметті қонақтары өз кезегінде жыл сайын жеңіс мерекесінде осындай игі шаралар өткізіп келе жатқан оқу орнының басшылығына алғыстарын айтты.

 

Кездесуде ардагерлерге арналған дастархан жайылып, арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды және  университеттің  талантты жастарының патриоттық әндері шырқалды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім