қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.05.2019

Университетімізде жемқорлыққа жол жоқ!

 

  

 

6 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универсиетінде Алматы қаласы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің, «Саналы ұрпақ» жобасының және «Алматы - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдерімен кездесу өтті.

 

Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің директоры, Этика жөніндегі кеңес төрағасы Данияр Таумұрат, Әлеуметтік даму жөніндегі ұлттық бюросы департаментінің басшысы Нұрлан Шабдар, «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Токушев, «Алматы - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Александр Братенков қатысты.

 

Кездесуді университеттің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов ашты.

 

Іс-шара барысында «Құқықтану» кафедрасының профессоры Бақытжан Төлеубекова Абай атындағы ҚазҰПУ жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінің қызметі туралы баяндама жасады. «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Тоқышев қолға алынып отырған жоба жоғарғы оқу орындарында жемқорлыққа жол бермеу шараларына қатысты ұйымдастырылып отырғанын айтты. «Алматы - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Александр Братенков қаладағы және жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның болашағы туралы баяндады.

 

Кездесудің соңында Мақтағали Бектемесов бүгінде университетте барлық емтихандардың ашық және адал өтуіне жағдай жасалып отырғаны, алдағы уақытта жемқорлыққа қарсы күрес жаңа сипатта өрбитіні туралы айтты.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім