қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
31.05.2019

№ 168 мектеп-гимназиясының түлегі Тоғжан Баянова Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу грантына ие болды

 

Мұғалім мамандығын таңдаған дарынды жастарды қолдау мақсатында Алматы қаласында мектеп түлектері арасында «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында эссе байқауы өтті. Байқау барысында қатысушылар эсседен басқа да өздерінің презентацияларын ұсынды. Финалға 25 адам қатысып, оның ішінде 21 түлек Алматы қаласы әкімінің құрмет грамоталарын, төртеуі жүлделі орынмен ақшалай сыйлықты иеленді. Бас жүлдені №168 мектеп-гимназиясының түлегі Тоғжан Баянова жеңіп, Абай атындағы ҚазҰПУ-да білім алуы үшін 2,5 млн теңге қаражатты иеленді. Марапатты ҚазҰПУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Сәтмырзаев табыс етті.