қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.06.2019

Жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

 

30-31 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығының атқарушы дирекциясымен бірге «Педагогикалық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін арттыру мәселелері: жаңа кадрлар - жоғары оқу орнына» тақырыбында жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.


Ғылыми іс-шараның мақсаты: жас оқытушылар құрамының ғылыми және шығармашылық әлеуетін арттыру, олардың өзін-өзі жүзеге асырып одан әрі кәсіби қалыптасуына жағдайлар жасау.

 

Қатысушылар: Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Белоруссия, Армения, Өзбекстаннан келген үздік жас оқытушылар мен ғалымдар. Оның ішінде ТМД елдерінің Педагогикалық жоғары оқу орындарының жас оқытушылары, колледждер мен қосымша кәсіби педагогикалық білім беру ұйымдарының жас мұғалімдері «Оқытуды үйренеміз» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік әзірлемелері байқауыныңжеңімпаздары қатысты.


Конференцияға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Т.О. Балықбаев, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры А.Л.Лубков, Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығының атқарушы директоры Э.М. Никитин, ЕАПУ Кеңесінің хатшысы Л.В. Бычкова және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жас ғалымдары мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.


Конференция форматы: мәселелерді ұжымдық талқылау, мастер класс, дөңгелек үстел, пленарлық отырыс форматында өтті.

 

Күтілетін нәтижелер: ТМД елдеріндегі жас мұғалімдердің болашақ біліктілігін арттыру және педагогика саласындағы зерттеулердің перспективалық бағыттары туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру және нығайтудың қоғамдық атмосферасын құру.