қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
02.12.2015

2015 жылдың 25 қарашасында Матемаика, физика және информатика институтының акт залында орыс тілі секциясындағы кафедра оқытушылары ф.ғ.д., профессор Б.С. Жұмағұлова, аға оқытушы Р.К. Тохтамова және магистр оқытушы А.М. Нұрбаеваның жетекшілігімен ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған тәрбиелік іс-шара болып өтті. МФжИИ мен ТжҚИ мамандығының студенттері концерттік бағдарлама дайындап, Президентің өмірі туралы баяндады.
Мерекелік іс-шараны оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, т.ғ.к., доцент Хамраев Шерипидин Итахунұлы ашты.
Іс-шара соңында Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Р.Ә.Шаханова қызықты да әсерлі бағдарламаға қатысқан студентер мен оқытушыларға алғысын білдіріп, мерекеге қатысқан студенттерді Құрмет грамотасыменен марапаттады.