қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.06.2019

Шетелдік спикерлер Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жазғы мектебінде баяндама жасады

 

  

 

2019 жылдың 19 маусымында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Жазғы мектеп аясында халықаралық спикерлердің қатысуымен «Жобалық өтінімдерді әзірлеу бойынша кеңестер» және «Тұрақты даму үшін білім беру» тақырыптары бойынша семинар өткізілді.

 

Іс-шараның мақсаты - Erasmus+ CBHE бағдарламасы аясында табысты халықаралық жобаларды әзірлеу және ұсыныстарды беру бойынша тәжірибе алмасу, тұрақты даму мақсаттары және олардың білім берудегі негізгі қағидаттары тақырыбының өзектілігін ашу болды.

 

Семинар жұмысына ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, шетелдік спикерлер - Магдебург университеті, Ғаламдық әсер институтының білім беру жөніндегі кеңесшісі Карлос Мачадо (Германия), Окаяма университетінің ТДБ дамыту жөніндегі орталығының директоры Хироки Фуджи (Жапония), сондай-ақ біздің университетіміздің құрылымдық бөлім басшылары мен профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары мен докторанттары қатысты.


Семинар барысында бірінші тақырыпқа байланысты халықаралық жобалар бойынша тиімді өтінімдерді (сапалық және сандық көрсеткіштер, негіздемелер) дайындау және жобаны жоспарлау, жобада көрсетілген нәтижелерді және оларды іске асыруда қажетті ресурстарды алу үшін жобаны орындаушылар қандай іс-әрекеттерді жүзеге асыру керектігі туралы мәселелер талқыланды.

 

Екінші тақырып бойынша барлық деңгейлерде сапалы білім беру мен тұрақты дамуды қамтамасыз ету, қоғамның тұрақтылығын нығайту, қазіргі және келешектегі жаһандық мәселелер және олардың шешімдері қарастырылды.

 

Іс-шара барысында семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пікір мен тәжірибе алмасылды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім