қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
21.06.2019

Алматыда «Педагогикалық білім берудің заманауи трендтері» I Халықаралық форумы өтуде

 


 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «Педагогикалық білім берудің заманауи трендтері» I Халықаралық форумы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Алматыда шетелдік және қазақстандық жоғары оқу орындарының оқытушылары бас қосты. Мақсат - қоғамның назарын педагогика саласындағы заманауи трендтерге аудару, республикадағы білім беру мазмұнын жаңарту міндеттеріне ықпал ету, жетекші халықаралық инновациялық технологияларды тарату.

 

«Қазіргі жаңа технологиялар және жетістіктер заманында педагог жаңартылған жалпы орта білім беру стандартының әдіснамасы мен мазмұнын қабылдауға, білім беру үрдісін бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыз етуді өзгертуге, білім беру қызметінің мақсаттары мен әдістерін жаңашалауға дайын болуы керек. Бүгінде біздің басты трендіміз - білімге екі тұрғыдан әсер ететін цифрлық революция - еңбек нарығы және ішкі қайта құрылымдау қажеттілігі», -дейді Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев.

 

Форумға келген әлемнің үздік ЖОО-ның өкілдері өз ойларын ортаға салып, қазақстандық әріптестерімен тәжірбиелерін бөлісті. Заманауи білім беру мәселелерін бірлесіп талқылап жатыр. Еліміздегі білім беру мазмұнын жаңарту міндеттеріне ықпал ететін педагогикалық білім берудің қазіргі заманғы трендтерін дамытуға күш салу керектігі басты назарға алынды.

 

«Қазақстанға төртінші рет келіп отырмын. Маған осы елдің педагогикалық білім беру тәсілі қатты ұнайды. Сіздерде, математика, химия, физикаға ерекше назар аударады. Бұл дұрыс деп есептеймін. Себебі, қазіргі таңда нақты ғылым өте қажет. Финляндиядағы, Ювяскюля университетінде қазақстандықтар да оқиды. Бүгінде ұстаздың рөлі өзгерді. Ол қатал мұғалім емес, оқушылардың досы болуы тиіс. Сабақты қызықты етіп өткізу соларға жүктелген міндет»,-дейді финдік сарапшы Яакко Скантси.

 

Форум жұмысы екі күнге созылмақ. Шетелдік және отандық спикерлер білім берудің өзекті мәселелерін талқылайтын және пікір алмасатын платформалар бойынша жұмыстар жүргізеді.

 

21.06.2019 ж.

Ақпарат көзі: inform.kz