қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.07.2019

Алматы қаласы полиция департаменті қызметкерлерімен кездесу өтті


2019 жылдың 2 шілдесінде Тарих және құқық институты Құқықтану кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы қаласы полиция департаменті қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты Құқықтану мамандығын бітірген түлектердің полиция қатарында қызмет етуін қамтамасыз ету.

 

Полиция қызметкерлері құқық қорғау және халықтың қауіпсіздігі мемлекеттік қызмет көрсетудің айрықша нысаны екенін атап өтті, бұл үлкен жауапкершілікті және адалдықты қажет етеді. Олар азаматтарды полицияға қабылдау, жоғары білімі бар, әскери қызметтен өткен немесе қайта даярлау және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған мекемелерінде әскери дайындықтан өткен азаматтар жұмысқа қабылданатындығы жөнінде ақпараттар берді.


Қазіргі таңда Алматы қаласының Полиция департаменті тергеуші, жедел уәкіл, учаскелік полиция, инспектор сияқты бос лауазым орындарына қабылдауды жариялайтындығын ескертіп, «Құқықтану» мамандығы түлектерінің осы лауазым иелері атана алуына толық мүмкіндіктері барын айтты.

 

   

 

   

 

  

 

Құқықтану кафедрасы