қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.08.2019

Абай ілімі - Рухани жаңғыру негізі


2019 жылдың  10 тамызында Абай университеті жастары қазақ халқының данышпан-ойшылы, Хәкім Абайдың туылған күніне орай «Абайды оқы, таңырқа!» танымдық акциясын ұйымдастырды. Шара «Абай» метро аялдамасынан бастау алды.

 

 

Акция барысында университет жастары жолаушыларға Хәкімнің шығармашылығы бойынша викториналық сұрақтар қойып, өлең шумақтарын оқытты. Өз кезегінде белсенділігімен ерекшеленген жолаушылар аранайы сыйлықтарға ие болды. Одан әрі акция Республикалық Сарай алаңында жалғасын тапты. Алаң ортасында орналасқан Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл шоғы қойылып, ұлы ақынның рухына құрмет көрсетіліп, тағзым жасалды. Жастардың танымдық шарасына қаламызға Жапон елінен келген саяхатшылар да белсенді қатысып, арнайы кәдесыйлармен марапатталды.

 

Хәкімнің туылған күніне арналған ауқымды шара Тәрбие департаментінің ұйымдастырумен өткен «Абай ілімі - Рухани жаңғыру негізі» дөңгелек үстелге ұласты. Дөңгелек үстел жұмысын университетіміздің тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жанатбек Ішпекбаев ашып, оқу ордамызда Абайдың мұрасын насихаттау бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып өтті.

 

Өз кезегінде, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің бас маманы,   ҚР еңбек сіңірген қайраткері Байғали  Есенәлиев  «Рухани жаңғыру Абайдан бастау алады» деген тақырыпта баяндама жасап, іс-шараға жиналған қонақтарды ерекше әсерге бөледі. 

 

Қазақстан Халқы Ассамблеясы кафедрасының ғылыми қызметкері Болысбек Батталханов Абайдың ойшылдық, кемеңгерлік қасиеттерін мазмұнды баяндап берді. Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, 3 курс PhD докторанты Руслан Сейітқазиев ұлы ойшылдың шығармаларына талдау жасап, келген қонақтарды тың деректермен сусындатты. 

 

Әсерлі де мазмұнды өткен бұл шара жастардың бойында қазақтың дара тұлғасы - Ұлы Абайға деген құрмет сезімдерін арттыра түсті.

 

  

  

  

  

 

Тәрбие,әлеуметтік жұмыстар жәнежастар саясаты департаменті