қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.09.2019

ӨМжСИ -дің 50 жылдық мерейтойына орай құрметті зейнеткер Б. Салауатовтың шығармашылық көрмесі өтті

 

2019 жылдың 13 қыркүйегінде Өнер, мәдениет және спорт институтының «Жасампаз» сурет галериясында «Көркем сурет графика» факультетінің түлегі, ұлағатты ұстаз, құрметті зейнеткер Бабабек Салауатовтың «Тылсым табиғат» тақырыбында шығармашылық көрмесі өтті.

 

Көрменің салтанатты ашылуында Түлектер қауымдастығының атқарушы директоры Болатбек Нұрбатыров көрменің авторы мен көрме туралы қысқаша айтып, құттықтау сөзді Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тоққожа Қожағұловқа берді. ҚР еңбек сіңірген қайраткері Байтұрсын Өмірбеков, Бабабек Салауатовтың кураторы Амангелді Каримов пен көрме қонақтары ыстық лебіздерін білдірді. Көрмеге Өнер, мәдениет және спорт институтытың профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

 

Оқу ғимараты ішіне орналасқан көрме залына тұңғыш рет өткізіліп отырған көрменің алар орны бөлек. Шығармашылық жұмыстарды білімгерлер күнделікті көріп, өзіндік тәжірибе жинап, шабыт алуына септігін тигізіп қана қоймай суретшінің өмір жолы мен өнер тынысынан сусындай алады. Көрме өзіндік деңгейде жақсы өтті.

 

   

 

   

 

   

 

Көркем білім беру кафедрасы