қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.09.2019

ҚазҰПУ жастары ақын Маралтай Райымбекұлымен кездесті


Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде «Әдебиет әлемі» жобасы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы Қазақстан Жастар Одағы, «Дарын» мемлекеттік жастар және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлықтарының лауреаты, ҚР Президенті грантының үш мәрте иегері, ақын Маралтай Райымбекұлымен кездесті.


Кездесу барысында ақын өзінің әйгілі «Әдилә», «Алғашқы сезім», «Ай», «Игілік», «Ақшамда», «Бақсы» өлеңдерімен қатар жаңа туындыларын да оқып, студенттер қойған және оларды ойландырып жүрген сұрақтарға жауап беріп, өзінің қоғамдағы құбылыстарға көзқарасын білдірді, пәк сезім, тылсым дүние жайлы ой-пайымдауларымен бөлісті.


Ақынның жыр жинақтарынан, мерзімді баспасөзде жарияланған өлеңдерінен көрме ұйымдастырылды.

 

   

 

   

 

 

  

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар

және жастар саясаты жөніндегі департамент