қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.09.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері JETISÝ ARBA BÁIGESI марафонында бірінші орынды иеленді

 

Алматы облысының Кеген ауданында JETISÝ ARBA BBAIGESI бірінші халықаралық марафоны аяқталды. Бұл бәйгені Ұлы Дала мен Ұлы Жібек жолының тарихын, мәдени мұрасы мен рухын таныстыру мақсатында Алматы облысы әкімдігі ұйымдастырды.

JETISÝ ARBA BÁIGESI - бұл таулы жердегі еліміздің ежелгі ұлттық және ерекше көліктің түрі - екі доңғалақты ат арбасымен жарыс.

 

Халықаралық жарысқа Ұлы Жібек жолы бойындағы Үндістан, Қытай, Өзбекстан және Қазақстан елдерінің студенттері қатысты. Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын алып, «ALTYN KERUEN CUP» кубогымен марапатталды.